Жедел желі : 87293226661

ustirt.mm@mail.ru

Маңғыстау облысының білім басқармасының Бейнеу ауданы бойынша білім бөлімінің «Үстірт жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

«Үстірт жалпы білім беретін мектеп»

Маңғыстау облысының білім басқармасының Бейнеу ауданы бойынша білім бөлімінің «Үстірт жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы №125 «Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, оларды аралық және қорытынды аттестаттауды өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» бұйрығының 1- қосымшасы 35-тармағына сәйкес жасалған жұмыстар туралы төмендегілерді хабарлайды.

Аталған нормативтік құқықтық акт негізінде 5-8, 10-сынып білім алушыларынан 2023-2024 оқу жылының соңында қазақ тілі пәні бойынша емтихан өткізіледі. Емтихан білім алушылардың бағдарламалар мазмұнын меңгеруін бағалау мақсатында алынады.

«Қазақ тілі» пәні бойынша емтиханды ұйымдастыру және өткізу бойынша төмендегі ақпаратты мәлімдейді:

1) Маңғыстау облысының білім басқармасының «Бейнеу ауданы бойынша білім бөлімі» ММ 12.10.2023 жылғы №435 бұйрығы негізінде мектепішілік бұйрық шығарылды;

2) Қазақ тілі пәнінен емтихан ұйымдастыру және өткізу бойынша бойынша іс-шаралар жоспары жасақталып, бекітілді. Іс-шаралар жоспары мектептің хабарландыру бұрыштарына ілінді;

3) ҚР Оқу- ағарту министрлігінің орта білім беру комитетінің «Қазақ тілі» пәнінен аралық аттестаттау бойынша әдістемелік ұсынымы пән мұғалімдеріне таныстырылып, емтиханды ұйымдастыру бойынша тапсырмалары беріліп, қазан айынан бастап мұғалімдер оқушылармен дайындық жұмыстарын жүргізуде;

4) Әр сынып бойынша сынып жетекшілер ата-аналар жиналыстарын ұйымдастырып, онда қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері қазақ тілі пәні бойынша емтихан өткізу ұсынымын таныстырып, жиналыс қорытындысы бойынша хаттамалар жасақталды.

«Қазақ тілі» пәні бойынша емтиханды өткізу уақыты алдағы уақытта оқушылар мен ата-аналарға қосымша хабарланатын болады.