Жедел желі : 87293226661

ustirt.mm@mail.ru

Маңғыстау облысының білім басқармасының Бейнеу ауданы бойынша білім бөлімінің «Үстірт жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

«Болашақ менің қолымда»

«Үстірт жалпы білім беретін мектеп» КММ-де 22.01-26.01.2024 жылы аралығында «Болашақ менің қолымда» атты бастауыш сынып пәндер бірлестігінің апталығы басталды.

Апталықтың мақсаты: Оқушылардың сабақ барысында меңгерген білімдерін, пәнге деген қызығушылығын түрлі сыныптан тыс жұмыстар арқылы арттыру.

22.01.2024 жылы апталықтың ашылуы «Бір бауырсақ, бір мақал» әдісімен жүргізілді. Оқушылар мақал-мәтелдер айтып, өлеңдер оқыды. Бірлестік жетекшілері З. Сугурова мен Г. Исанбаева апталықтың бағдарламасымен таныстырып, оқушыларды апталыққа белсене қатысуға шақырды.